Алматы қаласының экологиясын ластаушы ЖЭС-2 емес

2016

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы. 

Алматы қаласының экологиясын ластаушы ЖЭС-2 емес

fergana.ru: Экобелсенділер Алматының экологиялық жағдайын жақтартуға арналған шұғыл шара қабылдауды талап ету мақсатында онлайн түрде қол жинай бастады, деп хабарлайды басылым. Бұл жайында жергілікті билікке арналған ашық хатта айтылған. Ашық хат авторлары "Алматы -2025" атты даму стратегиясын сынға алды. Олардың пікірінше, бұл құжатта шындыққа жанаспайтын статистика келтірілген. Бұл дерек өз кезегінде халықты шатастырады және бұл құжатта қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіретін жайт ескерілмеген. Сол себептен ашық хатты жазушылар даму стратегиясына тағы бір тармақ енгізіп, Алматының негізгі қаупі – ауаның ластығы екенін көрсету керектігін талап етті. 

"Алматы тұрғындары көп жылдан бері қала ауасының ластығын айтып, шағымданып жүр. Әлнұр Иляшев есімді белсенді әкімшіліктің әрекетін айтып, сотқа шағымданған. Ол өз шағымы арқылы жергілікті биліктің экология мәселесіне назар аударғанын талап етпекші болған және қаладағы ЖЭС-2-ге қатысты шара қабылдауын сұраған. Алайда оның шағымы қабылданбады" деп жазады басылым.

Жергілікті билік өкілдері "қала ауасын негізгі ластаушы ЖЭС-2 емес, бұл станцияның үлесі небәрі 11%" деген болатын. Билік өкілдерінің пікірінше, қаланы негізінен көлік бүлдіріп жатыр. Олар шығаратын зиянды заттар мөлшері 70%-ке жетіп отыр.

camonitor.kz: "Демография: Қазақстан қалалары үлкен ауылға айналып бара жатыр ма?" деп жазады басылым. Бұл мақалада автор соңғы 20-30 жылда өзгерген қала келбеті мен халық саны жайында сөз еткен. Орын алып жатқан өзгерістер жайында қазақстандық демограф Александр Алексеенкомен әңгімелескен. Ішкі миграция салдарынан көптеген ауыл тұрғындары қалаға келіп, қала келбеті өзгере бастады. Негізінен көшіп келген ауыл тұрғындары қалаға бейімделуге тиіс еді, алайда қазіргі кезде қалада ауыл мәдениеті басым болып тұр. Демограф Александр Алексеенконың пікірінше, мұндай жағдайда қалалардағы әлеуметтік-мәдени жағдай да өзгере бастайды. Оның себебі тек қалаға ауылдан көшіп келген халықтың көптігімен түсіндірілмейді.

"Соңғы кездері халықтың дәстүрі мен мәдениеті жаңғырту мәселесіне көп мән беріліп келеді. Меніңше, мәдени мұраны киелі ету үрдісі белең алып келеді. Оны "сынауға", оған "тиісуге" болмайды. Дей тұрғанмен Абай, Шоқан Уәлиханов және Алаш өкілдері уақыт өте келе жағдайдың өзгеруіне байланысты мәдениет, дәстүр өзгеріп отыруы тиіс дегенді айтқан. Бізде бұл өзгерістер өте баяу жүріп келе жатыр", – дейді Александр Алексеенко. 

Маманның пікірінше, этникалық мәдениеттің түп-тамыры ауылда болғандықтан, қалалық жерде дәстүрлі құндылықтар басым болып келе жатыр. Сол себептен барлық елде ауыл тұрғындары қалаға бейімделсе, бізде қала дәстүрлі көзқарасқа бет бұрып келеді.

express-k.kz: "Неге дәстүрлі жыныстық көзқарастағы қазақстандықтар гомосексуалға айналып жатыр?" деп жазады басылым. Газеттің хабарлауынша, көп жағдайда Қазақстан азаматтары пайда табу мақсатында гомосексуалист болуға қарсы емес. Басылым дерегі бойынша, соңғы кезде Алматыдағы гей-клубтарда өзіне қалталы серік іздеушілер көбейген. Олар бірге өткізген түндері үшін жақсы ақша төлейтін немесе ерекше жағдай жасай алатын адамдарды іздейді. Мұндай ізденісте жүргендердің басым көпшілігі дәстүрлі жыныстық көзқарасты ұстанатындар.

"Мен үшін мұндай адамдардан жезөкшелер әлдеқайда адал. Өз басым алдап жүргендердің өтірігі шыққанда қуанам. Сәтті аяқталатын оқиғалар көп емес, ал қайғылы жағдайлар көп болып жатады. Мәселен, бір жас әдемі жігіт қармағына бір дизейнерді түсірді. Модельердің есі шығатын, жас жігітке ол пәтер жалдап беретін, сыйлыққа көлік әперді, басы-аяғына дейін киіндірді, олардың махаббаты екі жылға созылды.Соңынан жас жігіт дизайнерге дөрекі түрде жауап беріп, шатақ шығара бастады. Нәтижесінде тамырын кесіп, махаббатына қарғыс толы хат жазып кетті", – дейді Алекс есімді бармен.

sputniknews.kz: Танымал әнші Димаш Құдайберген "Евроведение" байқауына тек қонақ ретінде шақырылса ғана қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды басылым. Әнші бұл байқауда бақ сынамайтынын жеткізген.  Өз сөзінде танымал әнші "Евроведение" байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген ұсыныс келіп түскенін жасырмаған, алайда Димаш Құдайберген бұл ұсыныстардан бас тартқан.

"Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хат түсіп жатыр. Бұл байқауға мен қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мүмкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын", – деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Халықаралық аренада ол тек Қазақстан атынан шыға алатынын жеткізген. Сонымен қатар әнші өз жанкүйерлеріне алғысын айтқан.

"Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!", – дейді әнші өз жанкүйерлеріне.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу