Almaty Marathon мыңдаған сәбиге салауатты болашаққа мүмкіндік береді

1047

Бұл Қазақстандағы бала туу деңгейі ең жоғары өңірдегі нәресте мүгедектігін азайту жөніндегі ауқымды жобаның бір бөлігі. 

Almaty Marathon мыңдаған сәбиге салауатты болашаққа мүмкіндік береді Фото: AYALA

Биыл Almaty Marathon ұйымдастырушысы "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры "AYALA" қайырымдылық қорымен бірлесіп Шымкент пен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар берді. Көмектің жалпы сомасы 106 241 284 теңгені құрады. 

2024 жылы Түркістан облысында 30 973 бала дүниеге келді, бұл Қазақстанның кез келген басқа облыстарына қарағанда көп. Қазіргі заманғы медицина туа біткен патологияларды дер кезінде анықтауға және нәресте мүгедектігінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, "Бір күндік клиника" жобасы жүктілік кезінде, ал "Әлемді көремін" – туғаннан кейін бірден патологияны диагностикалауға көмектеседі.

Өткен жылы бастамаларды іске асыруға Шымкент пен Түркістан облысында "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры мен "AYALA" қайырымдылық қоры қосылды. Бұл жобаларға олар 106 241 284 теңге бағыттады – бұл қаражат Almaty Marathon қатысушыларының бастапқы жарналары мен серіктестердің салымдарының арқасында жиналды.

"Бір күндік клиника" жобасы аясында қорлар Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығының базасында FISH-диагностикалауға арналған 79 541 284 теңгеге зертханалық жабдық орнатты. Бұл микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық аномалияларын анықтайды және Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромы сияқты туа біткен патологияларды анықтайды. "Бір күн клиникасы" болашақ аналарға МӘМС есебінен бір күнде барлық тереңдетілген биохимиялық талдаулар мен сараптамалық УДЗ алуға мүмкіндік береді.

"Almaty Marathon-нан алынған микроскоп пен зертханалық жабдық мыңдаған жүкті әйелдерге МӘМС есебінен біздің орталықта қажетті тексерістен уақытылы өтіп, балаларының салауатты болашағына үміт артуға мүмкіндік береді. Енді 2025 жылдың соңына дейін облыстың 500-ден астам болашақ аналары тереңдетілген пренаталды скринингтен өтеді. Біздің есептеуімізше, "Бір күндік клиникадағы"FISH-зертхана 15 жыл ішінде Түркістан облысындағы нәресте мүгедектігі деңгейін 40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді", — деп есептейді № 2 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Эльмира Қожахметова.

Шымкенттің қалалық перинаталдық орталығында "Әлемді көремін" жобасы үшін 26 700 000 теңгенің заманауи ретиналды камерасы орнатылды. Ретинопатия  ерте туған сәбилердің 36%-да көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін, бірақ жаңа жабдықтармен ерте диагностикалау бұл қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. Әрбір бала жоғары білікті неонаталды офтальмолог қана пайдалана алатын ретиналды камерада 2-8 тексеруден өтеді.

"Желтоқсаннан мамырға дейін біздің орталықтағы ретиналды камерада 150 нәресте тексерілді, соның ішінде 20 сәбиде шала туған нәрестелердің ретинопатиясы анықталды. Ретинопатиясы бар барлық балалар осы камерадағы ерте диагностиканың және жүргізілген емнің арқасында көру қабілетін сақтап қалды. Жыл сайын біздің орталықта 8000-ға жуық бала дүниеге келеді, енді олардың барлығы үйге шыққанға дейін көз скринингінен өтіп, қажет болған жағдайда уақытылы медициналық көмек ала алады", — деп атап өтті Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлбану Сыздықова.

Айта кетейік, "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасын – Almaty Marathon-ды 13 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеді. Жыл сайын бастапқы жарналар қаражатының бір бөлігі әлеуметтік бастамаларға бағытталады: 2012 жылдан бастап Алматы мен Алматы облысында 277 миллион теңгеден астам сомаға осындай 30-дан астам жоба іске асырылды.

"Жыл сайын мыңдаған Almaty Marathon атлеттері жүгіріп, еліміздегі жақсы өзгерістерге көмектеседі. Біздің жабдықтарымыз алғашқы күннен бастап жұмыс істеп келе жатқанына және дәрігерлерге кішкентай қазақстандықтардың, бәлкім, болашақ белсенді марафоншылардың денсаулығын сақтауға көмектесетініне қуаныштымыз. Сонымен қатар, ұлт денсаулығы балалар медицинасындағы жүйелі тәсілге байланысты деп есептейміз", – деп атап өтті "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

"AYALA" қайырымдылық қорының өзі – неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз ұйым. 18 жыл ішінде қор 2,8 миллиард теңгеден астам қаржы тартты және еліміз бойынша 67 балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырды.

"Әрбір баланың салауатты өмір сүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Almaty Marathon-мен серіктестіктің арқасында біз озық медициналық технологияларды әсіресе қажет жерлерде - туу деңгейі ең жоғары өңірде енгізудеміз. Мемлекеттік перинаталдық орталықтарда диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне жаппай қол жеткізу мыңдаған нәрестенің мүгедектігін болдырмауға көмектеседі", – деп мәлімдеді "AYALA" қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

2025 жылдан бастап "Бірінші болу – батылдық" КҚ-ның кез келген жүгіруіне қатыса отырып, туғаннан бастап мүгедектік деңгейін төмендету жөніндегі қайырымдылық жобаларын қолдауға болады. Сонымен бірге, тіркелу кезінде жүгірушілер кез келген соманы қайырымдылыққа бере алады. Бүгін Astana Half Marathon, Almaty Marathon-ға  тіркеле беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу