Алматы мен Швейцария арасындағы сауда айналымы 303 мың долларды құрады

284

Қаланың экономикасының негізгі бағыттары – қызмет көрсету, сауда және шағын бизнес.

Алматы мен Швейцария арасындағы сауда айналымы 303 мың долларды құрады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Швейцария Парламентінің депутаттарынан құралған делегациямен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту және серіктестік қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Делегация құрамында Йозеф Дитли, Филлип Ломбарди, Марко Кьеза, Эрик Нусбаумер және басқа да парламент өкілдері болды.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, Алматы – Қазақстанның ең ірі қаржы орталығы. Мұнда банк активтері мен сақтандыру нарығының елеулі бөлігі шоғырланған. 

2025 жылдың қаңтар – тамыз айларында Алматы мен Швейцария арасындағы сауда айналымы 303 мың АҚШ долларын құрады. Депутаттар табиғи ерекшеліктері мен туризм және финтех салаларындағы әлеуеті тұрғысынан Алматының Лугано қаласына ұқсастығын атап өтті.

Тараптар қалалық инфрақұрылымды дамыту, орнықты даму және инновациялық технологиялар салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу