Алматы облысында ауылдарға салынуы тиіс стадиондардың құрылысы бітпей тұр

2785

Алматы облысының Қаратал ауданындағы Бəйшегір ауылдық округіндегі стадион 2018 жылы салынып бітуі керек еді.  

Алматы облысында ауылдарға салынуы тиіс стадиондардың құрылысы бітпей тұр

Алайда жасыл алаңның құрылысы әлі күнге бітпеген. Бұл жайлы жетісулық спорт журналисі Ришад Тұрғанбаев өзінің Facebook  парақшасында: "Бұл – Алматы облысы, Қаратал ауданы Бəйшегір ауылдық округіндегі стадион. Негізі ойын алаңы өткен жылы аяқталу керек болған. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен басталған стадион аяғына дейін жетпеген. Негізі 7 млн-ға жуық қаражатқа салыну жоспарланған. Бірақ мердігер компания 3 млн-ға ұтып алып, жұмысты аяғына жеткізбеген. Сметалық құжаттағы көрсетілген материалдардың орнына арзан сапасыз құрылыс материалын орнатқан. Оның өзін де талапқа сай істемеген. Жасанды төсеніш жайылатын жері де тегістелмеген. Дəл осындай стадион Қаратал ауданының Көпбірлік ауылында да тұр. Оның да сыйқы – осы. Екі ауылда да стадион салуды ұтып алған бір құрылыс мекемесі. Мемлекеттік бағдарламаны аяқ астына таптап, мемлекеттің қаржысын желге ұшырып, ауылдың көркейуіне немқұрайлы қараған мекемені жауапқа тарту керек шығар. "Ауылдағының аузы сасық"  дегендей екі ауылдың жас жеткіншектері өркениеттен қол үзіп отыр. Бүгінде салауатты өмір салты басты назарда. Сонда жауапты қызметкерлердің мемлекет бағдарламасын назарға алмақ түгілі құлағына да қыстырмайтын секілді", – деп жазады

Сонымен қатар  Ришад бұл бассыздықты жоғарыдағылардың назарға алуын қалайды. Әріптесіміздің айтуына қарағанда, Бәйшегірге баратын жолдың 30 шақырымы тассыз жол, қалғаны тозығы жеткен тас жол. Жамау жұмыстары өте сапасыз жүргізілген екен.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу