Алматы облысында консервіленген балық өндірісі іске қосылады

1112

2025 жылы Алматы облысында балық өнімдерін қайта өңдеу жобасын іске асыру басталады.

Алматы облысында консервіленген балық өндірісі іске қосылады Фото: iz.ru

Жобаның инвесторы тайландтық Sea Value Plc. компаниясы. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.

"Шикізатты қазақстандық және ресейлік балық шаруашылықтары жеткізеді деп жоспарланған. Өндіріс қуаттылығы күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады", – делінген ақпаратта.

Алдағы уақытта компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр, соның ішінде үй жануарларына арналған азық-түлікті, тауық ақуызын, тауықтан, балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттарды, пісте және бадам сүтін және т.б.

Сондай-ақ, компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында өңірлік логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істеуде.

Хаб компания өнімдерін ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына импорттауға, сақтауға және таратуға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу