Азаптау фактілері бойынша 234 іс қозғалды, барлығы тергеп-тексеріледі – ҚР Бас прокуроры

4402

Қаңтар оқиғасы кезінде 9 адам уақытша ұстау абақтысында көз жұмған. 

Азаптау фактілері бойынша 234 іс қозғалды, барлығы тергеп-тексеріледі –  ҚР Бас прокуроры

Алматы облысында тәртіптіксіздіктер кезінде ұсталғандарды үтікпен азаптады деп күдікке ілінген полиция қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен ол ұсталғандарды азаптау дерегіне тоқталды.

"Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне байланысты барлығы 301 шағым түсті. Олар бойынша азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 243 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауында 234 қылмыстық іс бар. Уақытша ұстау абақтыларында 9 адам өлімі бойынша деректі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Жоғары аталған істерге қатысты 9 лауазымды тұлға ұсталды, оның ішінде 8 ҰҚКД қызметкері және бір полиция қызметкері бар. Олардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың ішінде Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында үтік қолданып, адамдарды азаптады деп күдікке ілінген полицей де бар", – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Алматыда ҰҚКД-ның 6 қызметкері адамдарды азаптады деген күдікке ілінген.

"Олар "Дикий Арманның" қылмыстық тобы ұрлаған 24 азаматты азаптаған. Салдарынан барлық жәбірленуші дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болған. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы 2 қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Абақтыдағы адам қайтыс болған. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Бас прокурор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу