Республикалық маңыздағы Алматы – Өскемен тасжолының 342 шақырымында көлік апаты болып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.
Апат 14 ақпан күні болған. Әзірге бар ақпараттарға сүйенсек, Nissan Qashai көлігінің тізгініндегі адам рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігін барып соққан.
"Жол апатының салдарынан 7 адам ("Nissan" көлігіндегі 4 жолаушы мен жүргізуші, "Volvo" жүк көлігіндегі жүргізуші мен 1 жолаушы) мерт болды. Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, Ақсу айдандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. "Көлік жүргізушінің жол ережесін немесе көлік айдау ережесін сақтамауы" бабы бойынша тергеу басталды", – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.