"Алматы Турына" кәсіби шабандоздар қатыспайтын болды

1864

Биылғы жылға жоспарланған "Алматы Туры-2020" веложарысына кәсіби шабандоздар емес, тек әуесқойлар қатысады.

"Алматы Турына" кәсіби шабандоздар қатыспайтын болды

Бұл жағдайды Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров виза алу тәртібінің өзгеруіне байланысты деп түсіндірді.

"Өкінішке орай биылғы жылы "Алматы Туры" өтпейді. Виза алу тәртібінің өзгеруіне байланысты қала Әкімдігі осындай шешім қабылдады. Себебі шет елдік велесебедшілерге Қазақстанға келу қиындады. Сондықтан жарыс кәсіби шабандоздар үшін өтпейді. Бірақ әуесқойлар арасында екі күн өтеді деп жоспарлануда. Бастапқы жоспар бойынша жарыс кәсіби шабандоздар арасында да, әуесқойлар арасында да өтуі тиіс болатын", - деді Винокуров.

Естеріңізге сала кетсек, бұл жарыс 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Алматы Туры" Қазақстандағы ең үлкен велодода және Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық спорттық жобалардың бірі.  2017 жылы Халықаралық велесебешілер Одағының (UCI) талабына сәйкес тас жолдағы велоспорт "көпкүндік" мәртебесіне ие болды. 2019-жылы өткен бұл жарысқа Әлемнің 15 мемлекетінен 21 велокоманда қатысқан болатын. Жарыстың жүлде қоры 40 мың еуроны құрады. Әр кезең сайын алғашқы 20 шабандоз ақшалай сыйақы алды. Ал, жалпы есепте қазақстандық велошабандоз Юрий Натаров жеңіске жетті. Сонымен бірге Натаров жарыстағы үздік шабандоз жейдесін де жеңді. Спринтерлер сайысында CCC Development Team өкілі Патрик Штох жеңіске жетіп, “Ала жейдені” таулы аймақта мықты болған Vino Astana Motors шабандозы Евгений Федоров алған болатын.

Ермұхамед Мәулен 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу