Пәтерлердің шаршы метрі қанша? Қай тұрғын үй кешені арзан?
Inbusiness.kz Алматыдағы тұрғын үй нарығы бойынша негізгі ақпараттарды ұсынады.
Қазір Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешені арзан бағамен сатылып жатыр. Мұндағы пәтерлердің шаршы метрі 170 мың теңгеден басталады. Бір бөлмелі үйдің ауданы 27 шаршы метр, үш бөлмелі үйдің ауданы 91,55 шаршы метрді құрайды. Пәтерлер әрлеусіз сатылады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болғысы келетіндерге саялы ықшамауданындағы "Саялы-2" тұрғын үй кешені тиімді болып тұр.
Бес қабатты тұрғын үй кешеніндегі әрленген пәтерлердің шаршы метрі 179 мың теңге тұрады. Пәтерлердің ауданы 30 шаршы метрден басталып, 62,62 шаршы метрге дейін жетеді.
Келесі қолжетімді баспана Наурызбай ауданында орналасқан "Шұғыла" тұрғын үй кешені. Пәтерлердің ауданы бөлме санына байланысты 39-83 шаршы метр. 9 қабаттан тұратын тұрғын үй кешенінің шаршы метрі 250 000 мың теңге. Пәтерлер әрленген қалпында сатылады.
Айта кететініміз, бұл мәліметтер сату бөлімдерінен алынған және 2019 жылдың 16 тамызы күні тіркелген.
Жаңа үйлерден бөлек, мамандардан қайталама нарықтан екінші деңгейлі тұрғын үй нарығы туралы білдік. Риэлторлық компания өкілі Әсел Сағындыққызы 10 миллионға екінші деңгейлі үйлерден тек жекешелендірілген жатақхана сатып алуға алуға болатынын айтты.
"10 млн теңгеге қайталама нарықтан жақсы үй алуға болады деп айта алмаймын. Бұл соммаға Алматыда тек жекешелендірілген жатақхана келеді. Алматыда жақсы үйлердің бағасы 12 млн теңгеден басталады. Бұрын ипотекаға 1963 жылы салынған үйлерді алуға болатын, қазір 1975 жылы салынған үйлерді ғана сатып алуға болады. Қазір жаңа үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соған қарамастан, ескі үйлерге деген қызығушылық азайған жоқ", – деді Әсел Сағындыққызы.
Құралай Құдайберген