Алматыда 30 мыңнан астам ата-ана балаларына екпе салуға рұқсат берді

Оларға Pfizer препараты егіледі. 

Алматыда 30 мыңнан астам ата-ана балаларына екпе салуға рұқсат берді

30 мыңнан астам алматылық балаларына Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы онлайн брифингте Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматыда 12-17 жас аралығындағы 170 мың бала. Оның ішінде ата-аналардың 20%-ы балаларын Pfizer вакцинасымен егуге келісті, бұл 30 мыңнан астам ата-ана. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта артады. Біз 20 медициналық ұйымды таңдадық. Вакцинацияға жауапты мамандандырылған бригадалар мектептерге барып, екпе салады", – деп түсіндірді Светлана Сұлтанғазиева.

Маманның сөзінше, қалада Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталады. Бірінші кезекте 16-17 жастағы балаларға ата-анасы рұқсат бергеннен кейін салынады.

Вакциналау алдымен медицина мекемелерінде жүргізіледі. Ал білім ордаларына тек арнайы шақырту арқылы медицина қызметкерлері барады.

Бұл ретте қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматыға жеткізілген Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен бала босанған әйелдерден басқа топтағы адамдарға салынбайтынын ескертті. 

"Бүгінде Pfizer вакцинасы үш санатқа жататын адамдарға: 12-17 жас аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанынан 42 күн өткен әйелдерге арналған. Әзірге бұл вакцина басқа топтағы адамдарға қарастырылмаған", – дейді Әсел Қалықова.

Еске сала кетсек, 10 қараша Алматыға Pfizer вакцинасы жеткізілді. Елімізге 379 мың доза препарат әкелініп, республика аймақтарына таратыла бастады. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Қазақстан барлығы 4 млн 230 мың доза препарат сатып алды, олар 2 млн 115 мың адамға арналған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу