Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді

408

Ерлер арасында ұйымдастырылатын додаға 20-дан астам елдің теннисшілері қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді Фото: Pixabay.com

Алматыда шамамен 100 жыл бұрын қазақ теннисінің іргетасы қалана бастады. Бүгінде алып мегаполис ауқымы кең, халықаралық жарыстарды өткізу құрметін иеленіп отыр. Ал бұл жолғы дүбірлі дода 13 қазанда басталып, апта бойы Almaty Arena-да жалғасады.

Әлемнің 20 елінен 50-ге жуық теннисші келіп, бақ сынайды. Олардың қатарында жаһандағы үздік отыздыққа кірген алты спортшы бар.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары спорттық сайысты тамашалай алады.

Турнирде Бейбіт Жұқаев, Александр Шевченко, Михаил Кукушкин сынды жетекші ойыншылар ел намысын қорғайды. Ал жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

Сондай-ақ тек ақшалай сыйлық емес, жеңімпаз атанған теннисшілер ATP тізімінде 250 ұпайға ие болады.

"Турнир қазанда басталса да, дайындықты ерте бастадық. Үлкен алаңда 6 мың орындық бар, екі алаң болады. Екеуінен де жарыстың маңызды ресми сәттерін тамашалауға болады. Матч әлемнің 40 елінде көрсетіледі", – деді "Теннис федерациясы" РҚБ филиалының директоры Андрей Квасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу