Салтанатты шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыс етті.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Алматыдан қатысқан төрт спортшы да жүлдегер атанды:
- Алуа Балқыбекова – алтын медаль, 40 млн теңге;
- Назым Қызайбай – күміс медаль, 30 млн теңге;
- Виктория Графеева – қола медаль, 20 млн теңге;
- Елдана Тәліпова – қола медаль, 20 млн теңге.
Сонымен қатар, жаттықтырушылар да еңбегі үшін алғыс хаттармен және ынталандыру сыйақыларымен марапатталды.
Жиын барысында Загребте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген балуан Нұрқожа Қайпанов та марапатталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу