Алматыда Денис Тенді еске алу турнирі өтеді

386

Ертең Алматыда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі халықаралық турнир – ISU Challenger сериясындағы Денис Тенді еске алу турнирі басталады. Жарыс 1-4 қазан аралығында өтеді.

Алматыда Денис Тенді еске алу турнирі өтеді Фото: nur.kz

Биылғы турнирдің қатысушылар құрамы айрықша мықты. Мұз айдынына 2026 жылғы Олимпиада жүлдесіне үміткер спортшылар да шығады.

ISU деректеріне сәйкес, жарысқа бірқатар танымал мәнерлеп сырғанаушылар қатысады. Олардың қатарында Грузиядан – Ника Эгадза, Кореядан – Чха Чжун Хван, АҚШ-тан – Джейсон Браун және басқа да жұлдыздар бар.

Турнир бағдарламасында ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, сондай-ақ мұздағы билер бойынша медальдар сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы атынан мұзға шығатындар:

Ерлер: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников

Әйелдер: София Фарафонова, Амира Ирматова, Вероника Коваленко, Нурия Сулеймен, Амина Алексеева, Карина Исакова, Русалина Шакирова

Мұздағы билер: Бойсангур Датиев / Гаухар Наурызова

Алматылық жанкүйерлер үшін бұл турнир – Денис Теннің мұрасын ұлықтаумен қатар, әлемнің үздік спортшыларын көруге үлкен мүмкіндік болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу