Бүгін спортшылар әйелдер арасындағы жарыста қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Аралық нәтижелер бойынша бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин иеленді – 64.78 ұпай. Екінші орында – канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші сатыға АҚШ спортшысы Джозефин Ли (54.15) көтерілді.
Қазақстандық Амира Ирматова алтыншы орынға табан тіреді – 47.22. Нурия Сүлеймен жетінші нәтиже көрсетті – 44.95, София Фарафонова сегізінші (42.47). Вероника Коваленко оныншы орынға тұрақтады – 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орында аяқтады – 30.59.
Айта кетейік, бүгін, 2 қазан күні, ерлер арасындағы қысқа бағдарлама да өтуде. Турнир 4 қазанға дейін жалғасады. Биылғы жарыстың қатысушылар құрамы өте мықты. Олардың арасында 2026 жылғы Олимпиада жүлдесіне үміткерлер де бар.