Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді

110

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 млн теңге.  

Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 25 қыркүйекте ерекше қажеттілігі бар спортшылар мен шахмат әуесқойларын біріктіретін Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Турнирге есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысады.

Сайыс FIDE рейтингі есепке алынатын швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрады. Әр ойыншыға партияға 15 минут беріледі және алғашқы жүрістен бастап әр жүріске қосымша 5 секунд қосылады.

Турнирдің мақсаты – инклюзивті спорт ортасын дамыту, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар жарыс мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматты насихаттауға бағытталған.

Іс-шара Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Funduk Life қорының бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылады. Ынтымақтастық инклюзивті ортаны дамытуға және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамға бейімделуі мен әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу