Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" матчына байланысты қауіпсіздік күшейтіледі

282

Бүгін Алматының Орталық стадионында ішкі біріншілік аясында "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтары кездеседі.     

Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" матчына байланысты қауіпсіздік күшейтіледі Фото: polisia.kz

Қала полициясы аталған ойынға байланысты стадион аумағы мен оған іргелес аймақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

– Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар матч өтетін аумақ толықтай тұрақты бақылауда болады, – деді Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.

– Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, – деді полиция бастығы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу