Алматыда қоқыстан электр қуатын өндіретін зауыт салынады

86

Алматыда қалдық өңдеп, электр қуатын өндіретін зауыт салу жобасы құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындықтың соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Алматыда қоқыстан электр қуатын өндіретін зауыт салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жоба Алатау ауданында қытайлық Junxin Environmental Protection компаниясының қатысуымен қолға алынған. Инвестиция көлемі 280 млн АҚШ долларынан асады (шамамен 130 млрд теңге).

Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге жетеді, сондай-ақ қаланың энергетикалық жүйесіне 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіреді.

Қазіргі кезеңде дайындық жұмыстары аяқталған. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен инвестициялық келісім жасалып, қалдық жеткізу және өндірілетін электр қуатын энергожүйеге беру бойынша негізгі келісімдер бекітілген.

Жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сай заманауи автоматтандырылған газтазарту жүйелерімен жабдықтауды көздейді.

Құрылыс кезеңінде шамамен 700 жұмыс орны ашылады, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-ға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.

Аталған жобаны жүзеге асыру полигондарға түсетін жүктемені азайтып, қалдық көлемін қысқартуға және оларды қайта өңдеу арқылы қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу