Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталады?

Үшінші рет басқа препаратты салдырған дұрыс – маман.  

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталады?

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша айының соңында басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы онлайн брифингте Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова мәлімдеді. 
Оның айтуынша, қазір қалада үш түрлі вакцина бар: ресейлік Спутник V, қазақстандық QazVac және қытайлық Vero Cell. Қала тұрғындарын осы препараттармен ревакцинациялау жоспарлап отыр.

"Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. Ревакцинация дегеніміз – халықтық екпенің бірінші және екінші құрамдас бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші доза инфекцияға қарсы имунитетті күшейтеді. Мұны ревакцинация деп атаймыз", – деді Эльвира Ибрагимова.

Ол вакцинация немесе ревакцинация алдында антиденелер көлемі тексерілмейтінін атап өтті.

"Егер сіз бұл сынақты өз бетіңізше тапсырғыңыз келсе, оны өз қалауыңыз бойынша жасай аласыз. Бірақ бұл медициналық бас тарту немесе вакцинациядан бас тартудың көрсеткіші емес. Бұл жерде антиденелердің деңгейі маңызды емес", – деді спикер.  

Егер науқас өз бетінше сынақтан өтіп, антиденелердің жоғары титрі анықталса, кейін ол өз қалауы бойынша ревакцинациядан өте алады.

Сондай-ақ Эльвира Ибрагимова азаматтарға қабылданған алғашқы екі дозадан басқа препаратпен қайта вакцина алуды ұсынды.

"Бүгінде бізде вакциналардың екі түрі бар: векторлық және инактивтендірілген. Спутник V – векторлық вакцина, ал қалғандарының барлығы инактивтендірілген. Векторлық вакцина алған адамдарға тоғыз айдан кейін белсенді емес вакцинаны, яғни Vero Cell алуды ұсынамыз немесе QazVac. Ал кез келген инактивацияланған вакцинаны алғандарға біз алты айдан кейін Спутник V векторлық вакцина жасауды ұсынамыз", – деп түйіндеді ол.

Эльвира Ибрагимованың айтуынша халықты қайта вакциналау алгоритмі бар. 

"Вакциналану ерікті түрде жүреді. Екпені қалада жұмыс істейтін 137 егу пунктінің кез келгенінен алуға болады. Азаматтарға коронавирустың үшінші вакцинациясын вакцинацияның бірінші курсы толық аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады. Антиденелер деңгейін алдын-ала анықтау қажет емес", – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі кезде бірінші компонентпен 1 002 324, екінші компонентпен 940 084 қала тұрғыны егілген. Олардың 121 018-і 60 жастан асқандар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу