Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

625

12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді Фото: olympic.kz

Аталған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.

Айта кету керек, бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты – алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.

Алғашқы медальдар грек-рим күресінде сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу