Алматыда онлайн тапсырыстарды жедел жеткізуге арналған жаңа тарату орталығы ашылды

96

Нысан қазіргі логистикалық стандарттарға сай салынған және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда онлайн тапсырыстарды жедел жеткізуге арналған жаңа тарату орталығы ашылды Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыс сапары барысында онлайн тапсырыстарды өңдеуге және қала тұрғындарына жедел жеткізуге арналған заманауи dark store – тарату орталығы таныстырылды. 

"Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып, электрондық коммерцияны дамытуға, сервистің сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Нысанның жалпы қуаты тәулігіне 14 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді, бұл қаланың логистикалық әлеуетін едәуір күшейтеді", – делінген хабарламада.

Тексеру барысында еңбек үдерісін ұйымдастыру, цифрландыру деңгейі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қала құрылысы нормаларына сәйкестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осындай нысандарды дамыту экономиканы әртараптандыруға және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Алматы әкімі заманауи логистика мен сервис талаптарына сай келетін, жұмыс орындарын құратын инвестициялық жобаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу