Алматыда өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы анықталды

306

Әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев қарсылас шақ келтірмеді. Чемпиондық атақпен қатар 250 ұпай мен 160 550 доллар сыйақы иеленді.

Алматыда өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы анықталды Фото: ҚТФ

Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті.

Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев жеңіске жетті – 6:3.

Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында қырқыншы рет финалға шыққан Даниил 21-титулын жеңіп алды.

Ол бұған дейінгі чемпиондық атағына 2023 жылдың мамыр айында қол жеткізген еді. Жұптық сында франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти үздік шықты.

Олар финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерден айласын асырды – 6:4, 7:6 (10:8).

Аррибаж жұптық сында АТР турниріндегі екінші, Оливетти үшінші титулын жеңіп алды. Олар екеуіне 250 рейтингілік ұпай мен 55 830 АҚШ долларына, ал Шнайттер мен Вальнер 150 ұпай мен 29 990 АҚШ долларына ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу