Кәмиля Досмалова – пара таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды.
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновты ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.
Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хат табыс етті.
Сондай-ақ, ол Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Спортшыға қызметтік баспана берілді.
"Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ, Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады", – деді Кәмиля Досмалова.