Алматыда үстел теннисінен жүлде қоры 100 мың долларлық турнир өтеді

217

Қазақстан төртінші мәрте беделді халықаралық турнир – "WTT Contender Almaty" жарысын қабылдайды.

Алматыда үстел теннисінен жүлде қоры 100 мың долларлық турнир өтеді

2-7 қыркүйек аралығында Алматыда жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнир өтеді. Биылғы жылы додаға әлемнің 21 елінен 143 спортшы қатысады.

Олардың қатарында Аустралия, Вьетнам, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Қытай, Корея, Люксембург, Малайзия, Мексика, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Өзбекстан, Франция, Жапония және Қазақстан бар.

Жанкүйерлер әлемдік үстел теннисінің жұлдыздарын көру мүмкіндігіне ие болады. Олардың ішінде үш дүркін Еуропа чемпионы (ТОП-16 )Дарко Йоргич (Словения), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сора Мацушима (Жапония), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Шань Сяона (Германия), әлем чемпионатының қола жүлдегері Хонока Хашимото (Жапония) бар.

Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жекелей, жұптық және аралас санаттарда медальдар сарапқа салынады.

Турнирдің тікелей трансляциясын "Qazsport" телеарнасынан және World Table Tennis (WTT) ресми YouTube-арнасынан тамашалауға болады.

Халықаралық турнир ЦНТ "ADD Ustel Tennis Ortalygy" кешенінде (Нұркент ықшамауданы, 14Б) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу