Алматыда Women in business форумы өтеді

1986

 Atameken Business теларнасы оқиға орнынан тікелей трансляция жасайды.

Алматыда Women in business форумы өтеді Фото: sputniknews.kz

20 ақпан күні Алматыда әйелдер кәсіпкерлігі мен әйелдің басқарушылық рөліне арналған форум өтеді.

Іс -шара барысында шеберлік сабақтары, сараптамалық сессиялар мен кәсіпкер әйелдердің табысты жобаларын таныстыру жоспарланып отыр.

Форумға Қазақстан Халық банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, China CITIC Bank директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цинпин, Гонконгтың іскер әйелдер кеңесінің басшысы Клэр Ло, Қазақстандағы НРЕ өкілдігінің бас директоры Дана Алтыбаева, "Қазақстан тұтынушылар лигасы" ӨҚҰ президенті Светлана Романовская, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова қатысады.

Астана уақытымен сағат 09.30-дан бастап Atameken Business телеарнасынан, inbusiness.kz порталынан және әлеуметтік желілерден форумды тікелей көруге болады. Осы жерде іс-шараның негізгі трендтері мен оқиғалары көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу