Алматыдағы футбол стадионы 2028 жылы пайдалануға беріледі

492

Жаңа стадион 32 гектар аумақта бой көтеріп жатыр.  

Алматыдағы футбол стадионы 2028 жылы пайдалануға беріледі Фото: gov.kz

Алматыда Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында 45 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

УЕФА-ның төртінші санатына сәйкес салынатын спорт нысаны халықаралық деңгейдегі матчтар мен ірі спорттық іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында жаттығу алаңдары, командаларға арналған инфрақұрылым, жанкүйерлер аймағы және заманауи қауіпсіздік жүйелері қарастырылған.

Сонымен қатар нысанның көлік қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде. Стадион қаланың инфрақұрылымымен ықпалдастырылып, оған баратын жолдар жаңартылады.

Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу