Астанадағы MMA турнирінде адам өлімі орын ала жаздады

3206

Астанада аралас жекпе-жектен өткен Dala Fighting Championship турнирінде төрешінің бейқамдығынан қайғылы оқиға орын ала жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы MMA турнирінде адам өлімі орын ала жаздады Фото: Бейнежазбадан

Жекпе-жек барысында отандасымыз Жұман Жұмабеков (14-8) үндістандық Абилхаш Раутты (2-4) алып ұрып, оған қылқындыру әдісін жасайды. Сол сәтте ол талып қалған және төреші оны байқамаған.

Абырой болғанда, Жұманның өзі байқап, әрі қарай әдіс жасауын тоқтатқан. Біраздан соң ғана Абилхаш Раут есін жиған.

Төрешінің мұндай салғырттығына жанкүйерлердің көбі наразылығын білдіріп жатыр. Олардың қатарында елге танымал файтер Артем Резников те бар.

"Жұманның кәсіпқой спортшы екені жақсы болды. Ол қарсыласының талып қалғанын сезіп, әдіс жасауды өзі тоқтатты. Егер дәл солай қылқындыруын жалғастыра берсе астында жатқан адам өліп кетуі мүмкін еді", – деп жазды ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу