Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан ұшақ құлады

Қаза тапқандар бар. 

Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан ұшақ құлады

Бэк Эйр компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны туралы ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады. 

"Бүгін 2019 жылдың  27 желтоқсан күні, таңғы сағат 7.22-де  Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Бэк Эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтеріле бере биіктікті сақтай алмай, бетон қоршауды бұзып өтіп, қос қабатты құрылысқа соғылған. Құтқару жұмыстары дереу жүргізілді, өрт болған жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары қауіпсіз жерге орналастырылып жатыр. Қазіргі таңда қайтыс болғандар саны жетеу. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Оған Премьер-министрдің өзі төрағалық етеді. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Апаттың мән-жайы мен себептері алдағы уақытта анықталады. Мән-жайды анықтағанша аталмыш типті ұшақтардың қозғалысы тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша әуе бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған", – делінген  министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

"Әлеуметтік желіде аталмыш ұшақтың суреті деген мәліметпен жантүршігерлік суреттер тарап жатыр". 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу