УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында "Астана" командасымен кездесу үшін, британдық "Челси" футбол командасының құрамы Алматыға табан тіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыға сәтті қондық, — деп жазды команда әлеуметтік желіге.
Тікелей эфир "Qazsport" телеарнасында сағат 20:20-да болатынын еске саламыз.
"Челси" құрамы:
- Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрем, Макс Меррик;
- Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Джош Ачимпонг, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Кайден Уилсон;
- Жартылай қорғаушы: Карни Чуквуэмека, Кирнан Дьюзбери-Холл, Киано Дайер, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл;
- Шабуылдаушылар: Педру Нету, Ато Ампа, Тайрик Джордж, Марк Гиу, Шумайра Мхеука.
Еске сала кетейік, бүгін Алматының Орталық стадионында өтетін "Астана" — "Челси" матчы қарсаңында қала полицейлері билеттерді сатуға қатысты алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертті.
Әлеуметтік желілерде аталған матч болмауы мүмкін деген қауесет тарады. "Астана" мен "Челси" ойыны кейінге шегеріле ме – клуб басшылығы жауап берген болатын.