Дәл қазір Францияның Монако қаласында турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті.
Оның қорытындысы бойынша алматылық клуб "Реал Мадрид" (Испания), "Интер" (Италия), "Арсенал" (Англия), "Брюгге" (Бельгия), "Спортинг" (Португалия), "Олимпиакос" (Грекия), "Пафос" (Кипр) және "Копенгаген" (Дания) командаларымен кездеседі.
Қазақстан атынан Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан "Қайрат" барлығы 8 ойын өткізеді. Оның төртеуі өз алаңында, ал төртеуі сырт алаңда өтеді.
Жаңа форматқа сәйкес негізгі кезеңде 36 команда бақ сынайды. Бірінші тур 2025 жылдың 16 қыркүйегінде басталып, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында аяқталады. Ал плей-офф кезеңдері 16-18 ақпанда (1/16 финал), 10-11 наурызда (1/8 финал), 7-8 сәуірде (¼ финал), 28-29 сәуірде (½ финал) өтеді. Финал 30 мамырға жоспарланған.
Жарыс ережесіне сай алғашқы 8 орын иегерлері бірден 1/8 финалға жолдама алады. 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда кездессе, қалғандары жарысты аяқтайды.