Алматылық боксшы әлем чемпионатында қола медаль иеленді

194

​Алматының жас боксшысы Еркетаң Жарқынбек Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматылық боксшы әлем чемпионатында қола медаль иеленді Фото: Алматы әкімдігі

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы алғашқы кездесуінде мексикалық Рамиро Нуньесті 5:0 есебімен жеңді.

Ширек финалда Еркетаң Германия боксшысы Йоан Эрнандеспен қолғап түйістіріп, 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.

Алайда финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте украиналық Владислав Науменкоға 1:4 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде алматылық спортшы әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен әлем біріншілігі 16-27 қазан аралығында өтті. Дүбірлі додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу