"Қайрат" Португалияға "Спортингпен" тарихи ойынға аттанды

532

"Қайрат" Лиссабонда UEFA Чемпиондар лигасының 2025-2026 жылғы маусымындағы негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын өткізеді.

"Қайрат" Португалияға "Спортингпен" тарихи ойынға аттанды Фото: Қайрат ФК

Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері жергілікті "Спортингке" қарсы алаңға шығады.

Кездесу 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. 50 мыңнан астам жанкүйерді сыйдыратын аренадағы ойын Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Бұл матч – "Қайрат" тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тұңғыш кездесу болмақ.

Қарсылас та осал емес. "Спортинг" – Португалияның ең атақты клубтарының бірі. Команда 21 рет ел чемпионы атанып, 18 мәрте Кубокты, 8 рет Суперкубокты және 4 мәрте Лига кубогын иеленген.

Топтық кезеңде "Қайрат" барлығы 8 ойын өткізеді: төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Жалпы кестеде алғашқы 8 орынға тұрақтаған клубтар плей-оффқа тікелей жолдама алады. Ал 9-24 орын арасындағы командалар қосымша ойындар өткізеді. Сол матчтарда жеңілгендер мен 25-36 орынға тұрақтаған ұжымдар еуромаусымдағы жолын аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу