Алматылық "Қайрат" жаңа ойыншымен толықты

166

Осы маусымда Яакко Оксанен "Қайратпен" UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен болатын. 

Алматылық "Қайрат" жаңа ойыншымен толықты Фото: Қайрат ФК

Алматылық клуб 25 жастағы финляндиялық орталық жартылай қорғаушы Якко Оксаненмен 2027 жылдың желтоқсанына дейін келісімшартқа қол қойды.

Яакко кәсіби мансабын финляндиялық "ХИК" клубында бастаған. 2018 жылы ол англиялық "Брентфорд" клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін Оксанен жалға "Уимблдон" және шотландиялық "Мортон" клубтарында өнер көрсеткен.

2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, "КуПС" клубымен келісімшартқа отырып, "Қайратқа" ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.

Өткен маусымда 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 құрамасында 15 ойын өткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу