Алдағы жылы алматылықтардың әл-ауқатын жақсартуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ, деп жазды inbusiness.kz.
Қалалық мәслихаттың мәліметінше, алдағы жылға бекітілген бюджет 1,04 трлн теңгені құраған.
Оның ішінде білім саласына 197,3 млрд теңге қарастырылса, Денсаулық сақтау саласында 38,7 млрд теңге бөлу жоспарланған.
8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту үшін аталған бағдарламаға қомақты сома тартылмақ. Сонымен қатар мегаполисте жолаушылар тасымалын субсидиялау жалғасады.
"Нұрлы жер" аясында аз қамтылған отбасыларға 1 000 тұрғын үй сертификаты қарастырылады. Сонымен қатар "Алматы жастары" бағдарламасы аясында Отбасы банкі арқылы жастарға жеңілдетілген несие беріледі.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға 64,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 42,3 млрд теңге бағытталады.
Бұл ретте, 2021 жылы бюджет түсімдер 2020 жылмен салыстырғанда 115% деңгейінде болады деп болжануда.
Құралай Құдайберген