Алматының бизнес кеңістігіндегі бос салаларды скрининг анықтайды

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қараша айына дейін жалғасатын ауқымды сауалнамаға оңтүстік астананың 176 мың кәсіпкері мен 69,5 мың үй иелері қатысады. 

Алматының бизнес кеңістігіндегі бос салаларды скрининг анықтайды

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін нарықтағы сұраныс пен бизнес иелерінің қажеттіліктерін білу өте маңызды. Осы мақсатта қалалық кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігі бірлесе отырып арнайы скрининг жүргізуді қолға алды.

Бұл сауалнама бойынша деректер тұрғын үйлерді аралау, телефон арқылы сұхбаттасу және жекелей әңгімелесу нәтижесінде бір ортаға тоғыстырылады. Қазіргі кезде мегаполисте скринингке қатысатын шамамен 176 мың кәсіпкер мен 69,5 мың үй иесі бар.

Бүгінде Алматыда импорт алмастыру, экспорт, туризм, сауда, экономиканы цифрландыру сияқты салалардағы зерттеулер өзекті болып отыр. Сол себепті бұл скрининг осы бағыттарды тереңірек талдауға мүмкіндік береді. 

"Экономикалық дамудың аспектілерін жан-жақты зерттеу кез келген мәселені дер кезінде шешу үшін қажет. Атап айтқанда, импортты алмастыру үшін отандық кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру,  отандық өнімді экспортқа шығару, туризмді дамыту, сауда хабын құру, ІТ-саласын дамыту арқылы экономиканы цифрландыру және "ақылды қала" жобасын жүзеге асыру сынды бағыттарда бірқатар түйіні тарқамаған сұрақтар бар. Ал бұл сауалнама оңтүстік астананың экономикасын  қолдау және ары қарай дамыту үшін, қаланың барлық бизнес мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында қажет",  – дейді Нариман Әбілшайықов. 

Сонымен қатар, палата басшысы скрининг нәтижелері мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен қабылдау кезінде негізгі көмекші құралға айналуы тиіс екенін атап өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу