Алматының Орталық стадионы UEFA стандарттарына сәйкес келеді

453

Туризм және спорт министрлігі Алматыдағы Орталық стадионның UEFA стандарттарына толық сәйкес келетінін растады.

Алматының Орталық стадионы UEFA стандарттарына сәйкес келеді Фото: @el_ramzeo

30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының екінші туры аясында "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы көптен күткен матч дәл осы аренада өтеді.

Бұған дейін ойынды Астанада өткізу туралы ұсыныстар болғанымен, министр Ербол Мырзабосынов шешуші кездесудің Алматыда өтетінін нақтылаған еді.

Қазіргі уақытта стадионда жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, төрешілер мен командаларға арналған аймақтар халықаралық аттестациядан өтіп, жоғары деңгейдегі матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұрынғы жылдары сынған креслолар мен ескірген санитарлық тораптар сынға алынған еді. Министрліктің мәліметінше, бұл мәселелер арена жасына және кейбір жанкүйерлердің ұқыпсыздығына байланысты туындаған.

Қазір барлық кемшіліктер жүйелі түрде реттелуде: креслолар ауыстырылып, аумақ абаттандырылып, санитарлық тораптарда күрделі жөндеу басталды.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчы қарсаңында стадион толық дайын болады. Тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, халықаралық талаптарға сай барлық жағдай жасалады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Осылайша, Алматының басты футбол аренасы тарихтағы ең үлкен кездесулердің бірін өткізуге әзір.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу