XDS Astana Team шабандоздары финалда керемет жұмыс істеп, Лев Гонов пен Глеб Сырицаның күш-жігерінің арқасында Макс Кантерді спринтте қолайлы позицияға шығарды.
Кантер мәре сызығына 150 метр қалғанда спринтті бастап кетті. Алайда мәреге жақын қалған кезде бельгиялық Милан Фретин оны басып озды. Нәтижесінде, XDS Astana Team шабандозы жүлделі 2-орынды иеленді.
"Бүкіл жарыс бойы керемет қолдау көрсетіп, тамаша жұмыс атқарған командамызға алғыс айтқым келеді. Бәрі керемет өтті! Көптеген айналма жолдарға байланысты жарыстың финалы өте шиеленісті және қауіпті болды. Соңғы 30 шақырымда алдыңғы шепке шығу үшін күрес күйшейе түсті. Сондықтан команданың рөлі өте маңызды еді. Мен финалдық спринтке дайындалып, сабырлы болуға тырыстым. Бірақ, спринтті ертерек бастап қойдым. Нәтижесінде, жеңіске жетуге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Дегенмен, бүгінгі жарыс күніне көңіліміз толады. Егер, біз осылай жалғастыра берсек, әрбір жарыста бірлігімізді сақтасақ, жеңістің ауылы да алыс емес деп ойлаймын. Соңғы апталарда бүкіл команда 100% барын салып, жұмыс істеуде", – деді Макс Кантер.
Айта кетейік, елордалық велокоманда енді 17-23 ақпан аралығында "Біріккен Араб Әмірліктері турына" қатысады.
Спорт директорлары Марк Реншоу мен Питер Кенноктың жетекшілігеімен команда сапынан Аарон Гейт, Серхио Игита, Флориан Самуэль Каямини, Харольд Техада, Иде Схеллинг, Маттео Малучелли, Хаоюй Су жарыс жолына шығады.