Альмир Төлебаев әлем чемпионатында қарсыласын ірі есеппен жеңді

153

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

Альмир Төлебаев әлем чемпионатында қарсыласын ірі есеппен жеңді

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен жылдың басты бәсекесі – әлем чемпионаты өтуде. Бүгін грек-рим күресінен сайыстар басталды. 

Спортшыларымыз арасынан бозкілемге алғашқы  болып шыққан Альмир Төлебаев іріктеуде қарсыласы үндістандық Рахулды 7:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты. Келесі қарсыласы молдовалық Михаил Брад.  

Сондай-ақ бүгін Демеу Жадыраев (77 кг), Марлен Мукашев (55 кг), Әлімжан Сыздықов (130 кг) сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу