Әлсіз теңге Ұлттық қорға триллион теңге табыс түсірді

5139

Қаржы министрлігі тамыз айында теңгенің нығаюы есебінен қордың инвестициялық табысы ұлғайғанын анықтады.

Әлсіз теңге Ұлттық қорға триллион теңге табыс түсірді

Биылғы жылға 1,574 трлн теңге жоспарланған, алайда тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық қорына түскен табыс 1,45 трлн теңге болған деп ҚР қаржы министрлігіне сілтеме жасайды abctv.kz. Ал қордың табысы тек тамыз айында ғана 1,14 трлн теңгеге жетті. Бұл шілде айындағы түсімнен 33 есе көп болып, қордың осы жылдың қаңтар-шілде айындағы  табысынан 4,6 есе асып түскен.

Ұлттық қордың тамыз айындағы табысының негізгі өсуі "қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс" бабы бойынша іске асты. Ол негізінен қағаз жүзінде ғана. Еске сала кетер болсақ, егер бір ай бұрын реттеуші бұл бап бойынша 784 млрд теңге шығынды тіркеген болатын, ал тамыз айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы 125,5 млрд теңге болды.

Қаржы министрлігінің шілде айындағы статистикалық есебіндегі үлкен шығындар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ҚР Ұлттық банкі бұған түсініктеме берген еді.     

Ведомстводағылар II тоқсанның қорытындысы бойынша және алғашқы жартыжылдығындағы мәліметтер  осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін шығатынын айтты.  Ұлттық қордың доллармен түскен инвестициялық табысы осы жылдың II тоқсаны мен алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 1,1 млрд және 2,4 млрд теңге болды деп көрсетті Ұлттық банк.

Қаржы министрінің есептеуі бойынша, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 125,5 млрд теңгеге тең, бұл көрсеткіш алынған 2,4 млрд доллар инвестициялық табысқа қатысты Ұлттық банктің алдын ала бағалауымен сәйкес келмейді. Алайда жартыжылдықтың қорытындысы бойынша теңге бағамының жыл басындағы бағаммен салыстырғанда  3,55%-ға қымбат болуын сандардағы диссонанспен түсіндіруге болады. 

Тамыз айының соңында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 334,7 теңге болып, 2017 жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға арзандағаны айта кеткен жөн. Осылайша егер ол осы жылғы деңгейде сақталатын болса, онда қыркүйек айының соңына дейін инвестициялық табыс өзінің динамикалық өсуін жалғастырады. 

ҚР қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, тамыз айында Ұлттық қорға тікелей түскен салық 225 млрд теңге болған, ал жыл басынан бергі көрсеткіш 1,29 трлн теңгеге дейін өскен. Оның 531 млрд теңгесі пайдалы қазбаларды өндіруден түскен салық, 400 млрд теңгесі корпоративтік табыс салығы, 156,5 млрд теңгесі Қазақстанның ӨБК-жобаларындағы үлесі, 140 млрд теңгесі экспортқа салынған ренталық салық.

Ай қорытындысы бойынша 221 млрд теңге пайдаланылған, оның 170 млрд және 51 млрд теңгесі республикалық бюджеттің кепілдендірілген және мақсатты трансферті желісіне кеткен.

Ұлттық банк мәліметінше, тамыз айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың сыртқы активтер қоржыны 0,8%-ға немесе 470 млрд долларға, яғни  57,918 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу