Алтай Көлгінов қызметінен босатылды

7972

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай Көлгінов қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Еске салайық, Алтай Көлгінов 2022 жылдың 9 желтоқсанда Президент жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Үкіметте Көлгінов әлеуметтік мәселелерге қатысты блокқа жауапты болған. Премьер-министр орынбасары лауазымында алты айға бір күн жетпей қызметінен кеткен Көлгінов 2019 жылдың 26 ​​маусымынан елорда әкімі болған. Ол қызметінен 2022 жылдың 8 желтоқсанында босатылған болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу