Алты айда БЖЗҚ инвестициялық табысы 821,5 млрд теңгеден асты

4904

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі осы жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейінгі аралықта 821,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алты айда БЖЗҚ инвестициялық табысы 821,5 млрд теңгеден асты

Оның ішінде Ұлттық банктің сенімгерлікпен басқарушы ретінде 2021 жылдың басынан бері түсірген инвестициялық табысының мөлшері 821, 40 млрд теңге болды. Инвестициялық табыс құрылымы, сондай-ақ, зейнетақы активтерін Ұлтттық Банк пен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған.

"ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2021 жылдың 1 тамызына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ активтері 12 811,56 млрд теңгені құрады",– делінген БЖЗҚ бүгін таратқан мәліметте.

ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша берілген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 966,95 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 38,77%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ). Жыл басынан бері портфельдегі МБҚ үлесі 12% аса көлемге азайды. ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,1%, АҚШ долларында жылына 4,2% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 749,38 млрд теңге Олардың портфельдегі үлесі – 13,65%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5% өсті.

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 193,86 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 9,32%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,2% өсті.

- 1 069,10 млрд теңге (8,34%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0% өсті.

- 1 239,35 млрд теңге (портфельдің 9,67%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 51,78 %.

- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,2%, АҚШ долларында – 31,74%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу