6 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

384

Ел қоржынына кем дегенде 6 қола жүлде түседі. 

6 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 1/4 финалда Сәкен замбиялық Муенго Муалені 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Чапа Тандра Бахадурмен кездеседі.

Сабыржан Аққалықов израильдік Мирослав Ищченконы нокаутпен жеңіп, 1/2 финалға өтті.

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты. Ол Лал Прасад Упретиді 5:0 есебімен жеңді. 

Серік Теміржанов тәжікстандық Акмал Убайдовқа 0:5 жол берді. 
Санатәлі Төлтаев Асахужа Муидинхужаевқа 1:4 есебімен жеңілді.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Нұрлан Сапарбай Армения өкілі Давит Чалоянға 0:5 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. 

Даниял Сәбит 1/4 финалда Замбия өкілі Патрик Чинембаға есе жіберді. 

Ал, Оразбек Асылқұлов испаниялық Карлос Мартинес Бернандты 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) бокстан әлем чемпионатының ширек финалында Израиль өкілі Ахмад Штиуиді 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. 1/2 финалда Ертуған ресейлік Илья Поповпен кездеседі.

Абылайхан Жүсіпов Әзербайжан өкілі Сархан Әлиевті 5:0 есебімен жеңді. 1/2 финалда Абылайхан қырғыз боксшысы Ихтияр Нишоновпен кездеседі.

Осылайша бүгін он боксшымыздың алтауы жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 4-13 желтоқсан аралығында өтуде. Жеңімпаздар 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола иегерлері 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу