Алты гол Аз

3652

Қазақ командасы Еуропа лигасында қақпасына 6 гол жіберіп мазаққа айналды. 

Алты гол Аз

Ішкі чемпионатты биік қойып, қосалқы құрамын шығарған Роман Григорчук елдің абыройын емес, жеке басының қамын ойлады. 

Қазақстан чемпионы "Астанакомандасы Еуропа лигасындағы ойындар маңызды емес, ішкі біріншілікте чемпион болуымыз керек деген ұстанымын ашық мойындады. Сондықтан да  "Қайраттыжеңгеннен кейін, бұл команда қосалқы құраммен Нидерланды командасы  "АЗ-ға"қарсы алаңға шықты. Алайда абдырап қалған елордалық команда қақпасына 6 гол жіберді. Бірінші таймда қақпашы Ненад Эрич жарақат алып, ойыннан кетті. Артынша қорғаушы Абзал Бейсебеков те жарақатына байланысты орнын Антонио Рукавинаға беруге мәжбүр болды. Бірінші таймда екі гол жіберіп, екі ойыншыны алмастыруға мәжбүр болдық. 

АЗ (Нидерланды) – "Астана" - 6:0 (2:0)

Голдар: Теун Коопмейнерс 39 (пенальти), 83 (пенальти), Мирон Боаду 43, Келвин Стенгс 77, Юкинари Сугавара 85, Уссама Идрисси 90+2

Қазақстанның клубтық рейтингісіне біршама ұпай әкеліп жүрген "Астананыңосыған дейінгі еңбегін, жеңісін сызып тастай алмаймыз. Дегенмен жеңілсе де, абыроймен жеңілуге болушы еді ғой. Ішкі біріншілікте  "Астана" келесі қарсыласы "Ақтөбекомандасы. Ол командаға қарсы негізгі құрамды демалдыртып қоятындай жағдай емес еді. Клуб басшылығының негізгі мақсаты  "Астанаел чемпионы атанып, Еурокубокке қатысу. Оның ішінде де Чемпиондар лигасына жолдама алу. Бұл мақсатты орындап, келер жылға жақсы бюджет алу үшін басшылық осындай мақсат қойды. Бапкер де өз кезегінде сол мақсатты орындау үшін жұмыс жасап жатыр. Мақсат қойылды, соған қадам жасалуда. Алайда Президенттік кәсіпқой клубтың басшылығы ел абыройы, Қазақстан футболының беделі деген сауалдарға аса қатты бас ауырта бермейтіні байқалады. Нидерландының ортан қол ұжымы "Аз"-дан алты гол жіберу абыройсыздық емей немене?

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу