Altyn Bank қытайлық инвесторға "ұзатылды"

25004

Қазақстан Халық банкі СИТИК-Банк-пен арада "еншілес" Altyn Bank капиталының 60%-ын сату туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады. 

Altyn Bank қытайлық инвесторға "ұзатылды"

Мәміле сомасы толық ашып айтылмайды, ал оның жүзеге асу мерзімі 2017 жылдың алғашқы жартысына жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, мәмілені екі ел реттеушілері келісімдеуі керек. Отандық сараптамашылар мәміленің жабық сипатта және оның "күтпеген жерден" жариялануына байланысты әзірше мәміле көлемін ресми түрде бағаламай отыр.

"Altyn Bank" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаевтың abctv.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәміле параметрлері Halyk акционерлік тобына және негізгі акционер ретінде Халық банкі үшін де тиімді екенін атап өтті. Және де "Halyk акционерлік тобы Altyn Bank-тың ірі акционерлерінің бірі ретінде қала бермек. Altyn Bank-ты дамыту туралы жоспар қабылдағанға дейін, Altyn Bank пакетін сатуды жоспарладық".

"Білуімше, басқа инвесторларға ұсыныс жасалған жоқ. Мәміле жасау туралы идеяны бір жыл бұрын қарастыра бастадық. Қытайлық инвесторларға, оның ішінде СИТИК-Банкке пакет бөлігін сату жайында сұрақты ұзақ талқыладық. Мәміле соңына жеткенше Altyn Bank даму стратегиясы өзгеріссіз қалады, бұл инвесторлармен өзара келісімдегі басты қағидалардың бірі", – деп сөзін толықтырды Арман Дунаев.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін HSBC Қазақстан банкі аталған Altyn Bank-тің нарықта корпоративтік және жеке клиенттерге қызмет пен өнімнің кең ауқымын ұсынатын әмбебап банк ретінде орны бар. Корпоративтік банкинг, жеке тұлғаларға арналған қызмет түрлерін ұсыну, қазыналық операциялар мен әлем нарығы банк қызметінің басты бағыты болып табылады. Сәйкесінше мақсатты аудитория private banking және онлайн-банкинг бағытын дамытып отырған жергілікті корпоративтік клиенттер, трансұлттық компаниялар мен жеке тұлғалар-ауқатты клиенттер аясында анықталады.

Altyn Bank алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында жеке сандық платформасын іске қосты. Altyn Bank осы уақытқа дейін клиенттермен филиалдары арқылы жұмыс жасап отырғанын, жеке банкомат желісін иеленбегенін, ал бұл қызмет түрінде негізгі банк және серіктес-банктердің қызметін пайдаланып отырғанын ескеретін болсақ, аталған платформа private banking және онлайн-банкингті дамыту жоспарларын жүзеге асыруға көмектесе отырып, клиенттерге қызмет түрлерін қашықтан ұсына алады.

"Бұл ретте ең бастысы, банк негізгі корпоративтік клиенттерін сақтап қалды. Қытайлық компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа ірі корпоративтік компанияларды тарта отырып, банктің әрі қарай дамуына мүмкіндіктер ашылады", – деді Арман Дунаев. Директорлар кеңесі төрағасының айтуынша, Altyn Bank-тің мажоритарлық пакетін сатудан түсетін қаражатты пайдалану туралы шешімді акционерлік топ, бұл жерде Халық банк қабылдайтын болады. Сырттан тартылған капитал Халық банкі бизнесін дамытуға жұмсалуы ықтимал.

Altyn Bank 2014 жылғы желтоқсанда HSBC Plc әлемдік қаржы холдингінің 175 млн доллар сомасында жасаған мәмілесі бойынша сатылып, Halyk тобының бөлігі болып саналды.

Altyn Bank-тің аудит жүргізілмеген қаржылық есебіне сәйкес, 2016 жылғы 30 қыркүйекте банк активі – 315,9 млрд теңге, ал банк міндеттемесі – 276 млрд теңге, жеке капиталы 39,6 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері банк активі ең алдымен ақшалай қаражат пен оның баламасының азаюы, ХБ міндетті сақтық қор талаптарына, бірқатар қаржы құралдарының, банктердегі депозиттер мен есеп-шоттардың толық жабылуы есебінен 2,6%-ға қысқарды.

Сонымен қатар жыл басынан бері клиенттердің банк есеп-шотындағы депозитттері мен қаражатының азын-аулақ қысқаруы есебінен Altyn Bank міндеттемесі 5,5%-ға қысқарды. Міндеттемедегі басты көрсеткішінің азаюы банктің сауда портфелін, атап айтқанда сауда операцияларына арналған бағалы қағаздарды қысқартты. Яғни "репо" операциясы бойынша міндеттеменің үш еседен артық өсімі барысында 4,2 млрд теңгеден 3,5 млн теңгеге дейін қысқарған. Бұл өз кезегінде жыл басынан бері банк қазынашылығының мәмілеге қол қою алдында мақсатты түрде сауда портфелін "босатқанын" білдіреді.

Жергілікті қаржы нарығы өтімділігінің әлсіздігін ескеретін болсақ, шетелдік инвесторларға жергілікті портфельдік инвестициялар қажет емес.

Ал "репо" операциясына қатысты айтар болсақ, ол контрагентке бағалы қағаздар немесе ақшаны пайыздық үстемемен беру арқылы пайда табатын тиімді әдістердің бірі. Қазіргі кезде "репо" операциясы – Қазақстан қор биржасында (KASE) көп тараған мәміле түрі. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында репо бойынша сауда көлемі 44,9 трл теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе артты, мұның себебі – қаржылық нарықтың акция және облигациялар сияқты базалық секторларының баяу дамуында. Осылайша "репо" қауіпсіз ақша кепілі, яғни мәміле аяқталғанға дейінгі өтімділік көзінің бірі болмақ.

Altyn Bank капиталындағы жыл басынан бергі өсімі 39,6 млрд теңгені құрап отыр, сатып алу сәтінде HSBC рангінде 25,7 млрд теңгені құраған, ал HSBC үшін өндірілген 176 млн доллар сомасындағы құнды негізгі деп санауға болады. Банк өз кезегінде даму мүмкіндіктерін толық ашпай отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу