Бұған дейін бас бапкер Сречко Катанец пен Тимур Кападзе Өзбекстанға тарихи жолдама әперген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, 2006 жылғы футболдан әлем чемпионы және "Алтын доп" иегері Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар құрамымен бірге Ташкентке табан тіреді. Мұндай ақпаратты Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі растады.
– Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар штабымен бірге Ташкентке келді, – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Каннавароның бұл қызметке келуге ауызша келісім бергені шетелдік БАҚ-та қызу талқыланған болатын. Тараптар келісімшартты алдын ала қарап, енді нақты келіскені белгілі болды.