ПСЖ Реал мен Барсаны басып озды: "Алтын допқа" үміткер 30 үздік футболшының тізімі жарияланды

191

France Football 2025 жылдың 22 қыркүйегінде жылдың үздік ойыншысына табысталатын "Алтын доп" жүлдесіне 30 үміткерді жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ПСЖ Реал мен Барсаны басып озды: "Алтын допқа" үміткер 30 үздік футболшының тізімі жарияланды Фото: rbc.ru

Басылымның мәліметінше, ПСЖ ойыншылары 2018 жылы Реал Мадрид орнатқан рекордты қайталап, ең көп (9) ойыншымен топ-30-ға енді. Клуб осы көрсеткішпен Франция тарихынан орын алды.

Сондай-ақ, тізімде Барселона – 4, Реал – 3 және Ливерпуль – 3 ойыншы бар.

Бір қызығы, тізімде бұрын бұл жүлдені жеңіп алған ойыншы жоқ. Сондықтан бұл жолы да, 2024 жылғы сияқты, дебютант жеңімпаз атанбақ.

Толық тізім:

  1. Джуд Беллингем – "Реал Мадрид" (Испания)
  2. Усман Дембеле – ПСЖ (Франция)
  3. Джанлуиджи Доннарумма – ПСЖ (Франция)
  4. Дезире Дуэ – ПСЖ (Франция)
  5. Дензел Дюмфрис – "Интер" (Италия)
  6. Серу Гирасси – "Боруссия Дортмунд" (Германия)
  7. Виктор Дьёкереш – "Спортинг" / "Арсенал" (Португалия / Англия)
  8. Эрлинг Холанд – "Манчестер Сити" (Англия)
  9. Ашраф Хакими – ПСЖ (Франция)
  10. Харри Кейн – "Бавария" (Германия)
  11. Хвича Кварацхелия – "Наполи" / ПСЖ (Италия / Франция)
  12. Роберт Левандовски – "Барселона" (Испания)
  13. Алексис Макаллистер – "Ливерпуль" (Англия)
  14. Лаутаро Мартинес – "Интер" (Италия)
  15. Килиан Мбаппе – "Реал Мадрид" (Испания)
  16. Скотт Мактоминей – "Наполи" (Италия)
  17. Нуну Мендеш – ПСЖ (Франция)
  18. Жоау Невеш – ПСЖ (Франция)
  19. Майкл Олисе – "Бавария" (Германия)
  20. Коул Палмер – "Челси" (Англия)
  21. Педри – "Барселона" (Испания)
  22. Рафинья – "Барселона" (Испания)
  23. Деклан Райс – "Арсенал" (Англия)
  24. Фабиан Руис – ПСЖ (Франция)
  25. Мухаммед Салах – "Ливерпуль" (Англия)
  26. Вирджил ван Дейк – "Ливерпуль" (Англия)
  27. Винисиус Жуниор – "Реал Мадрид" (Испания)
  28. Витинья – ПСЖ (Франция)
  29. Флориан Вирц – "Байер Леверкузен" / "Ливерпуль" (Германия / Англия)
  30. Ламин Ямаль – "Барселона" (Испания)

"Алтын допты" табыстау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі "Шатле" театрында өтеді.

Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады. Бұл процеске FIFA рейтингіндегі 100 үздік елдің әрқайсысынан 1 журналист қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу