"Алтын допқа" жаңа бір үміткер пайда болды

Ол көш басындағы ойыншылар – Дембеле мен Ямальды ығыстырған.  

"Алтын допқа" жаңа бір үміткер пайда болды Фото: Lars Baron/Getty Images

Осылайша, ПСЖ мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Витинья үміткерлер тізімінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жаңартылған рейтингті TNT Sports порталы жариялады. Олар 2025 жылғы "Алтын допқа" үміткерлердің тізімінде өзгеріс бар екенін хабарлаған.

Витинья 2024-25 маусымда жақсы нәтиже көрсетіп, жұлдыздай жарқырады. Айталық, ол Париж Сен-Жерменмен бірге 4 бірдей титул жеңіп алса, Португалия құрамасы сапында Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Мұндай клубтық және ұлттық құрамадағы қос табысы оны "Алтын допқа" басты фавориттердің біріне айналдырып отыр.

– Менің күмәнім жоқ. Витинья – нағыз көшбасшы, – деді ПСЖ бас бапкері Луис Энрике оны жеке фавориті ретінде атап.

Жаңартылған рейтингтің 2-орынға Витиньяның клубтағы әріптесі Усман Дембеле жайғасқан. Ал үздік үштікті "Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямаль түйіндеп тұр.

Еске салайық, 2024 жылы "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Родри "Алтын доп" иегері атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу