"Алтын Орда" базары пайдакүнемдерге майшелпек болды"

3055

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі базарлардың жұмысын заң аясында реттеуді тапсырды.

"Алтын Орда" базары пайдакүнемдерге майшелпек болды"

"Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 млн адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне "Алтын Орда" базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл басқа өңірлерге де қатысты мәселе. Қажет болған жағдайда құқық қорғау орындарын араластыру керек.

"Мәселені реттеуге екі ай уақыт беремін", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу