"Алтын Орда" базарында өткен кездесу

894

Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат – Ж.Тельпекбаева, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар – Ж.Донбаев, Д.Жарасбаев "Алтын Орда" базарының өкілдерімен кездесу өткізді. 

"Алтын Орда" базарында өткен кездесу

Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, "Алтын Орда" базарының өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында  Nur Otan партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттар еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы "Nur Otan" партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы тоқталды.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

 

 Nur Otan партиясы Қарасай аудандық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу