"Алтын Сапа" жетістікке жетелейді

3314

Ертең үздік кәсіпорындар мен үздік тауар өндірушілер марапатталады.  

"Алтын Сапа" жетістікке жетелейді

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы 13 желтоқсан күні "ЭКСПО" конгресс орталығында Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын тапсыру салтанатын өткізеді.

Шара шеңберінде "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын", "Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын" аталымдарында топ жарған компаниялар марапатталады.

Айта кетейік, биылғы байқауда 200 компания бақ сынап жатыр. Олардың басым бөлігі орта бизнес өкілдері.
Біле жүріңіз, Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығы 2006 жылы отандық тауар өндіру мен қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандыру мақсатында тағайындалды. Бүгінге дейін жүзден астам кәсіпорын "Алтын Сапа" сыйлығының иегері атанды. Жеңімпаздар 450 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы алды.

"Алтын сапа" сыйлығын тапсыру салтанатында "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауында" айырықша көзге түскен өндірушілерге де құрмет көрсетіледі. 

Биыл бұл байқауға 153 компания қатысып жатыр. Олар "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар", "Халық тұтынатын үздік тауар", "Үздік азық-түлік тауары" аталымдары бойынша марапатталады. Әр аталым бойынша 3 жеңімпаз топ жарып шығады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу