Айбек Оралбай әділетсіз шешімге шыдамай жылап жіберді

6044

Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан 92 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда бақ сынаған Айбек Оралбай әзербайжандық Альфонсо Домингестен жеңіліп қалды.

Айбек Оралбай әділетсіз шешімге шыдамай жылап жіберді Фото: olympic.kz

Отандасымыз үш раунд бойы қарсыласын төмпештесе де, төрешілер ұпайын Альфонсоға берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал төрешілердің шешіміне көңілі толмаған Айбек Оралбай көзіне жас алып қалды.

Осылайша, тағы бір боксшымыз Олимпиаданы аяқтады. Парижде Қазақстанның жеті боксшысының төртеуі жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу